Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Серік Жұманғарин мамандарға алғыс айтты: Екібастұз – еңбек адамдарының қаласы

Серік Жұманғарин мамандарға алғыс айтты: Екібастұз – еңбек адамдарының қаласы
ашық дереккөз
Серік Жұманғарин мамандарға алғыс айтты: Екібастұз – еңбек адамдарының қаласы
Бүгін Екібастұзда апаттан кейінгі жағдайды қалпына келтіру жұмыстарының 99%-ы аяқталады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Алғашқы екі күн өте қиын болды. Өйткені, қай жерден су аққанын мамандар білген жоқ. Мұны таппаса, жағдай тіпті күрделі болар еді. Енді қазіргі жағдай толық өзгерді, ақау орындары табылды, бүгін жұмыстың 99 пайызы бітеді. Екібастұз – еңбек адамдарының, жұмыскерлердің қаласы. Тұрғындардың өздері бос отырмай, жылу жүйесін жөндеп, суын төгіп, жылытуға тырысып жатыр. Біреуі ызаланып, наразылығын білдіріп, жаман сөз айтқан жоқ. Таңғы 8-де штаб жұмысын бастап, денсаулық бағытындағы ғимараттарды араладық, біз барғанда перзентханада дүниеге сәби келді. Бұл – жақсы ырым. Өмір жалғасып жатыр. Бауы берік болсын!
- деді Серік Жұманғарин Екібастұзда өткен баспасөз конференциясында. Премьер-Министр орынбасары апат кезінде жұмыс істеген мамандарға алғысын айтты.
Облыс әкімі бірінші күннен бері осында жүр, қарапайым адамдар өте кәсіби жұмыс істеді. Олардың жасаған әрбір қадамы дұрыс болды, сол үшін бәріне рахмет айтқым келеді,
- деді С. Жұманғарин. Бұған дейін Серік Жұманғарин кешке дейін барлық көпқабатты үйлерге жылу берілетінінайтқан еді. Естеріңізге сала кетсек, 27 қараша күні сағат 1:20 шамасында Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын. Осыдан кейін қаладағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Павлодарға ауыстырылып, мектеп оқушылары онлайн білім алуға көшірілді. Үкімет отырысында облыс әкімі Әбілқайыр Ысқақов қаладағы ахуалға қатысты есеп берді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Екібастұз қаласындағы жағдайды қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырма берді. Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды. Бүгін сағат 8:00-де өткен Екібастұздағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың отырысында қаланың жылу желілеріндегі қазіргі жағдай мен температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар