Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қыдыралыұлының құмтиындықтарға берген уәдесі орындалды

Қыдыралыұлының құмтиындықтарға берген уәдесі орындалды
ашық дереккөз
Қыдыралыұлының құмтиындықтарға берген уәдесі орындалды
Ауданымызда көпшіліктің талап-тілегі ескеріліп, ауыл-аймақта бауын тапса, байламын таппай жүрген түйінді мәселелер өз шешімін табуда. Жыл басында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының Қаракемер ауылдық округі тұрғындарымен өткен есептік кездесуінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев пен Құмтиын ауылының тұрғыны Марат Оспанов Т.Мұсабеков пен Ә.Батырұлы көшелері ауыл болып қоныс аударғалы асфальт төсемі төселмегенін аудан басшысының назарына жеткізген болатын. Жыл қорытындысы бойынша өткен жиында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тұрғындардың өтініші орынды екенін, жыл соңына дейін жол жабындысын төсеуге ықпал жасайтынын алға тартқан болатын. Аталған көшелер округке қарасты Құмтиын ауылында орналасқан. «Сөзден – іске келер» болсақ, жалпы ұзындығы 2058 метрді құрайтын қос кешені асфальттауға 32 млн теңге аудандық бюджеттен бөлінді. Анықталған мердігер – «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтады. Ауыл азаматтары тұрғындардың сұранысын орындаған аудан басшысына алғыстарын жеткізуде. Жалпы жолдардың жай күйі туралы аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Үсенбаевтың айтынша, өңірде автомобиль жолдарының ұзындығы 321,6 шақырымды құрайды. – Оның шінде республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 72 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдар 85,7 шақырым, аудандық маңызы бар жолдардың жалпы саны – 35, оның ұзындығы 163,9 шақырым, елді мекендердегі көшелер саны – 518, ұзындығы 398 шақырымды құраса, бүгінде оның 176 шақырымына асфальт, 239 шақырымға шағал төсемі төселген. Ағымдағы жылы аудандық мәндегі 5 жол: Бесағаш-Юбилейный, Ерназар-Қойгелді, Құмсуат ауылына кіреберіс, Шайдана-Сеңгірбай, Тоғызтарау-Жаңаөткел жолдары 179,8 млн теңгеге жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ 13 ауылдық округтің 37 ауылішілік көшесін (ұзындығы 36,8 шақырым) жөндеуге 779,6 млн теңге бөлініп, жұмыстар толықтай аяқталған. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 306,9 млн теңгеге 2 ауылдың жалпы ұзындығы 11,3 шақырымды құрайтын 7 ауылішілік көшесі тақтайдай тегістелді, – дейді Мақсат Амантайұлы бізбен әңгімесінде.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар