Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Нұрсұлтан Назарбаев мінген Mercedes-Benz сатылымға қойылды

Нұрсұлтан Назарбаев мінген Mercedes-Benz сатылымға қойылды
ашық дереккөз
Нұрсұлтан Назарбаев мінген Mercedes-Benz сатылымға қойылды
Аталған Mercedes-Benz 600 SEL көлігі 25 миллион теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлады Экспресс К. Айта кетейік, Kolesa.kz порталында 1993 жылғы Mercedes-Benz S-Class көлігінің қызықты көшірмесі табылды. Көлік тұтынушылардың назарын бірнеше ерекшелігімен өзіне аударған. Біріншіден, темір тұлпар сайттағы 25 миллион теңге тұратын ең қымбат дәл осы маркадағы көліктің бірі және сол жылдармен салыстырғанда бағасы орташа көрсеткіштен 6 есе қымбат. Екіншіден, седанның жүрісі 29 жылдан аса мерзімде бар болғаны 37 930 шақырымды құрайды екен. Бұл көлік туралы одан да қызық ақпарат бар. Сатылымға қойған қазіргі иесінің айтуынша, Mercedes-Benz бұрын 01 KZ мемлекеттік нөмірінде болған, яғни кезінде Нұрсұлтан Назарбаев мінген екен. Жарнама авторы өз сөзін растау үшін тіркеу базасына скриншотын салып, сондай-ақ аталған мәліметті Қазақстанның бұрынғы президентінің Mercedes көлігімен түскен мұрағаттық фотосуретімен растаған.  width= Сұр түсті былғары салоны бар көлікте 408 аттың күші бар. Сондай-ақ теміртұлпар адамды түрлі қауіпті жағдайдан қорғайтын көрінеді. Өйткені оқ өткізбейтін металмен жабдықталған.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар