Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
ашық дереккөз
ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бастамаларына, өсіп-өркендеуіне кесапатын тигізіп, жетістіктерін жоққа шығаратын елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін жымысқы жау десе болады.  Белгілі ғұлама, әлемнің бірінші ұстазы атанған Аристотель «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз – бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты» деген екен. Сондықтан да еліміздің жастары бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамда адалдық принциптерін орнатуға күшін салуы тиіс. Әрине, бәрі бірдей әділ болады деу жалған. Себебі әр адамның өміртанымы әрқилы. Әділдік дегеннің өзін екі адам екі түрлі қабылдайтын кез болады. Дегенмен қай-қайсысына да ортақ дүние – болашақ туралы ұғым. Болашақтың жарқын болуы үшін де әділдік қажет. Ал жемқорлық жүрген жерде әділдіктің болуы мүмкін емес. Осы ретте облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйытқы болуымен Тараз қаласы мен аудандық жастар ресурстық орталықтарымен жыл басынан бері жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түрлі форматтағы 8 933 адамды қамтыған 431 іс-шара ұйымдастырылды. Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен жастар арасында парасаттылық мәдениетін ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыстық жас көшбасшылар пулы жасақталды. Онда тұрақты негізде жастармен, жастар қозғалысының жетекшілерімен «Ted-x», «Печа-Куча» форматында заманауи еркін пікір алмасу, ой-талқы алаңдарындағы кездесулер өтті. Мәселен, биыл облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Тараз инновациялық көпсалалы колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жарқын жол» жобасы аясында студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, колледж комитетінің өкілдері волонтер жастарға қоғамдағы сыбайластық, жемқорлық факторларымен күрес жүргізу, оның заң аясында қудалануы тақырыбында әңгіме өрбіді. Бұл тұрғыда жастардың пікірі тыңдалып, оларға заң аясындағы сауаттандыру, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дәл осы жоба аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінде өңіріміздің зиялы қауым өкілдері белсенді жастармен «Жемқорлық – ғасыр індеті» тақырыбында әңгіме-сұхбат жүргізді. Жемқорлықтың жауы – білім мен иман. Білімі кемелденген ұрпақ қай кезде де заңсыздыққа қарсы келіп, онымен күрес жолын іздейді. Ол бір ғана кеселмен емес, жарқын болашақ үшін жасалатын күрес екенін саналы адам айқын ұғады. Сондықтан да жастар арасында жемқорлықпен күрес жүргізу туралы сөз қозғалғанда, ең әуелі, олардың сапалы білім алу құқығы жайлы айтылады. Иә, дәл солай. Нарық заманында болашағын ойлаған әрбір адамның сапалы білім алуы – оның заңды құқығы. Ал оған міндет ретінде қарайтын болсақ, жастар оны жоққа шығаруға тырысады. Уақыт бір орында тұрмайды. Заман да, адам да өзгеріп, құбылып тұрады. Бірақ қай заманда да білімді адам ғана бағалы. Білім – көп мүмкіндіктердің кілті. Білімді адам – еркін адам. Еркін өмір сүре білетіндер еш уақытта жемқорлықтың қамытын кимейді. Біз осындай қоғам қалыптастыруға ұмтылуымыз қажет. Бұл бүгінгі жастардың қалауы және оны жүзеге асырушылар да жастар деп білеміз.

Жомарт ЗҰЛПЫХАР, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар