Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ
ашық дереккөз
БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ
ҚАЗАҚ ЕЛІ – ҚҰШАҒЫ ЫСТЫҚ, ҚҰЛАШЫ КЕҢ БАЙТАҚ МЕКЕН. ЕЛІМІЗ БАУЫРЫ БҮТІН, МЫЗҒЫМАС МЕМЛЕКЕТКЕ АЙНАЛЫП, БИІК БЕЛЕСТЕР МЕН АЛЫНБАС АСУЛАРДЫ БАҒЫНДЫРА БІЛДІ. ҚАЗІР ҚАЗАҚСТАНДЫ КҮЛЛІ ӘЛЕМ ТАНЫП, 130-ДАН АСТАМ ҰЛТ ПЕН ҰЛЫСТЫҢ ӨКІЛДЕРІ БІР ШАҢЫРАҚТЫҢ АСТЫНДА ЕРКІН ДЕ ЕРІКТІ, ТАТУ ДА ТҰРАҚТЫ ӨМІР СҮРУДЕ. Қазақстанның әрбiр облысында түрлі ұлттардың мәдени орталықтары ашылған. Мұндай құтты мекеннің бірі – Жамбыл облысы. Тұлпарлар тұяғының дүбірі, тарихтың нақ кіндігі бола білген Тараз қаласындағы «Достық» үйі аймақтағы ұлт пен ұлыстың басты ордасына айналған. Мұндағы этномәдени бірлестіктердің басты мiндеттерi – өз ұлтының тiлiн, мәдениетін, тарихын, әдебиетiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрiн жаңғырту, кейiнгi жастарына үйрету, мұра ету арқылы қалпына келтiру. Мұндай еркiндiк пен теңдікті, кеңдікті Қазақстаннан басқа қай ел жасай алады? Міне, дәл осы себептен де әлем сахнасында Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің мызғымас мекені ретінде танылды. Әлбетте мұның артында қаншама еңбек, қанша қажыр-қайрат жатыр. Мұндай бақ ойлағанның уысына ойыса кетер оңай олжа емес. Әлемде 7 миллиард адам болса соншалықты мінез болатыны секілді ұлыстардың өздеріне тән ерекшеліктерімен қатар өзгеше мінез-құлықтары да болады. Олардың арасында туындаған дау-жанжалдар уақытылы шешімі табылып, өзара ынтымаққа келеді. Енді ойлаңызшы, Қазақстанда көптеген ұлт пен ұлыс бар. Олардың арасында келеңсіздіктердің туындауы заңдылық. Осындай қолайсыз сәттерде ұтымды, ұлтаралық мәселені шиеленістірмей бірден шешім шығарып, бір мәмілеге келтіре білу – аса зор сауаттылық, аса зор кемеңгерлік. Бір ерекшелігі ешқашан сен қазақсың, ол өзге деп заң тұрғысынан, болмаса басқалай жағынан әділетсіздіктердің болғанын байқаған емеспін. Себебі мұнда заң бір, мүдде бір. Мұндай мүмкіндіктің де біздің елімізден басқа жерде бар дегенін естіген емеспін. Ендеше, аспан ортақ, жер ортақ, ай мен күн ортақ, ас-ауқаты мен жұтар ауасы ортақ болып отырған Отанға адал қызмет ету – азаматтық парызымыз. Қазақстанның даму моделін халықаралық стандартқа жеткізуіміз және түсірмеуіміз керек. Сөзімнің соңында достық пен ынтымақты, бірлік пен татулықты ту еткен барша Қазақстан халықтарының мызғымас достығы мен бірлігі мәңгі жасай берсін дегім келеді.

Бахром МУМИНОВ, облыстық «Өзбек ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар