Жаңалықтар
Сайлаудан кейін Үкімет қандай жұмыстарға басымдық береді
- author AR-AY
- 22 қараша, 2022
- 165
Сайлаудан кейін Үкімет қандай жұмыстарға басымдық береді
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 20 қарашада өткен Президент сайлауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Баршаңызға мәлім, 20 қараша күні елімізде Президент сайлауы өтті. ОСК алдын ала қорытындысы бойынша, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Оның кандидатурасын парламенттік партиялар мен ірі қоғамдық ұйымдарды біріктірген халықтық коалиция ұсынған болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кандидатурасына Қазақстан халқы жаппай өз қолдауын білдірді», - деді Ә. Смайылов Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, Үкіметтің алдағы 7 жылдағы негізгі міндеті – сайланған Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын сапалы әрі нәтижелі іске асыру.
«Экономикада, әлеуметтік салада және өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер осы сайлауалды бағдарламаның негізі болып табылады. Барлық мемлекеттік органдар мен ведомстволар осы мақсат үшін, яғни әділетті Қазақстан құру жолында халықтың мүддесіне сай күш біріктіріп, жұмыла еңбек етуі тиіс. Біз әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған барлық стратегиялық құжаттардың, бағдарламалар мен жобалардың нақты іске асуын қамтамасыз етуіміз керек.
Сондай-ақ, Үкіметтің жұмысы негізінен экономиканы демонополизациялауға, кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға, азаматтардың табысын арттыруға, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға бағытталады.
Айта кетейік, кеше 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді. Ал шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанындағы 68 учаске құрылған.
Еліміздегі бүкіл сайлаушылардың 69 пайызы немесе 8 млн 282 мыңнан астам адам өз таңдауын жасаған.
Келесі мақала
ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ОРНЫ БӨЛЕК
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024