Адвокаттар ақысыз көмек көрсетеді
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 749-бабының 1-бөлігіне сәйкес қорғаушының әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысуы, егер Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге мынадай жағдайларда, егер:
1) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам бұл жөнiнде өтiнiшхат жасаса;
2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам дене немесе психикалық кемiстiктерiне орай өзiн қорғау құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмайтын болса;
3) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам iс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмесе;
4) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам кәмелетке толмаған адам болып табылса, қорғаушының қатысуы мiндетті.
2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның өзi, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ оның тапсыруымен басқа да адамдар шақырмаса, судья, әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) iс жүргiзудiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, олар бұл туралы қаулы шығарады. Қаулы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне орындау үшін жіберіледі және оны алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімде орындалуға жатады.
Бұл ретте Кодекстің 750-бабының 5-бөлігі әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) оған негіздер болған кезде оған қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамды заң көмегіне ақы төлеуден босатуға міндетті екендігі анықталды. Бұл жағдайда еңбекақы бюджет қаражаты есебінен төленеді.
Облыстық әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі
Келесі мақала
Базалық зейнетақы туралы білгіңіз келсе...
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024