Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Базалық зейнетақы туралы білгіңіз келсе...

Базалық зейнетақы туралы білгіңіз келсе...
ашық дереккөз
Базалық зейнетақы туралы білгіңіз келсе...
Мемлекеттік базалық зейнетақы – зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 54 пайызы мөлшерінде беріледі. Сонымен қатар зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырыла отырып, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде төленеді. Мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері төмендегі кестеден көруге болады.
Еңбек өтілі   % Ең төмен күнкөріс деңгейі 01.04.2022  жылдан 37389 теңге.  Мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері
11 жылға дейін. 54%       20 191,00  
11 жыл 56%       20 938,00  
12 жыл 58%       21 686,00  
13 жыл 60%       22 434,00  
14 жыл 62%       23 182,00  
15 жыл 64%       23 929,00  
16 жыл 66%       24 677,00  
17 жыл 68%       25 425,00  
18 жыл 70%       26 173,00  
19 жыл 72%       26 921,00  
20 жыл 74%       27 668,00  
21 жыл 76%       28 416,00  
22 жыл 78%       29 164,00  
23 жыл 80%       29 912,00  
24 жыл 82%       30 659,00  
25 жыл 84%       31 407,00  
26 жыл 86%       32 155,00  
27 жыл 88%       32 903,00  
28 жыл 90%       33 651,00  
29 жыл 92%       34 398,00  
30 жыл 94%       35 146,00  
31 жыл 96%       35 894,00  
32 жыл 98%       36 642,00  
33 жыл және одан жоғары     100%       37 389,00  
  Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру кезінде: 1)«Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 13 бабына сәйкес есептелген, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде істеген еңбек өтілі; 2) Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең; 3) Жұмыс істемейтін ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (бағып-күтуді ол нақты жүзеге асырған кезде) жас балаларды бағып-күткен, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегінен аспайтын уақыт; 4) 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күткен уақыт; 5) Әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі кезеңдер; 6) Бөгденің көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызбасты мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа күтім жасаған уақыт; Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бюджет қаражаты есебінен беріледі. Тағы бір айта кететін жайт, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі жасына байланысты және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алуына қарамастан беріледі.

Ерболат Амалов, Жамбыл аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар