Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

18 жастағы актрисаның жұмбақ өліміне қатысты тың мәлімет айтылды

18 жастағы актрисаның жұмбақ өліміне қатысты тың мәлімет айтылды
ашық дереккөз
18 жастағы актрисаның жұмбақ өліміне қатысты тың мәлімет айтылды
Жамбыл облысы Мерке ауылында 18 жастағы цирк әртісі Мария Кацунның жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Марияны ақтық сапарға туыстары, әріптестері, мұғалімдері, сыныптастары мен достары шығарып салған. Қызбен жақын қарым-қатынаста болғандар оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді.
"Біз Машамен өте жақын едік, ол маған бәрін айтып беретін, әпке дейтін. Ол тамыздың ортасында Алматыға келді, біз көрістік. Ол екі жас үлкен Слава есімді ер адаммен кездесіп жүргенін, ол да "Шапито" циркінен екенін айтты. Біз бірге болған кезде жігіт оған қоңырау шалып, қайда, кіммен екенін өте дөрекі сұрады. Мен оған бұлай сөйлесуге болмайтынын айттым. Ол онымен айырылысатын ниетпен кетті", - дейді қайтыс болған қыздың достарының бірі Назым Абаева.
 />

Сондай-ақ, қыздың айтуынша, ер адам Марияны ұрып-соққан.
<blockquote> Мария қайтыс болған күні Назым оған WhatsApp-та хабарлама жазған. Хабарлама 17:30-да, қыз қайтыс болған кезде жіберілген. Бірақ қыздың досының сөзінше, хабарламаны біреу оқыған.
Марияның цирк қызметкері тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы қыздың басқа достары да айтты. Олар мұқият тергеуді және қылмыстық іс бойынша "суицид" сөзін алып тастауды талап етіп отыр.
 />

9 қарашада Марияны жерлегеннен кейін
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар