Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Адамға тұңғыш рет жасанды қан құйылды (видео)

Адамға тұңғыш рет жасанды қан құйылды (видео)
ашық дереккөз
Адамға тұңғыш рет жасанды қан құйылды (видео)

Британдық ғалымдар тарихта алғаш рет адамға жасанды қан құйды. Бұл жайында islam.kz порталы cam.ac.uk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Зертханада өсірілген эритроциттерді келісімін берген екі адам қабылдады. Аталмыш технологияның клиникалық сынақтары Restore зерттеу жобасының бөлігі ретінде жүзеге асырылуда. Қызыл қан жасушалары Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің донорлық дерекқорындағы адам қан үлгілерінен өсірілді. Алдымен биоматериалдан діңгекті жасушаларды бөліп алды, содан кейін оларды саралады, яғни, дифференциялады. Табиғи қаннан айырмашылығы - барлық жасанды эритроциттер жас - донорлардың нақты қанында әртүрлі жастағы жасушалар бар. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысқандар өздерімен бірге 5-10 миллилитр, дәлірегі, 1-2 шай қасық қан құйдырған. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткендердің бірі Седрик Гиверттің айтуынша, зертханада өсірілген эритроциттер қарапайым донорларға қарағанда ұзағырақ өмір сүреді. Жасанды қызыл қан жасушаларын анемия және басқа қан аурулары бар адамдарға, сондай-ақ, сирек қан топтары бар науқастарға құюға болады.

 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар