Жаңалықтар
Қошанов Президенттің атынан саяси дебатқа неге түсетінін түсіндірді
- author AR-AY
- 9 қараша, 2022
- 140
Қошанов Президенттің атынан саяси дебатқа неге түсетінін түсіндірді
Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол президенттікке кандидаттар арасында өтетін саяси дебатқа неліктен Мемлекет басшысының өзі бармайтынын түсіндірді.Біріншіден, Президент өз өкілеттілігін жалғастырып жатыр. Жұмыс кестесі өте тығыз. Президент болу деген – ол мемлекеттің бүкіл тағдырына, ішкі және сыртқы саясатына жауап беру. Ал сыртқы саясатта іштегі мәселелерді, үгіт-насихат жүргізуін күтіп отырмайды. Жауапкершілік өте зор, - деп атап өтті Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында.
Екіншіден, дебатқа штабтың атынан басқа өзінің өкілінің қатысуы ешбір заңға, сайлау заңына да қайшы келмейді. Мен Парламенттегі жұмысыма да, штабтағы жұмысыма да үлгеріп жүрмін. , - деді Мәжіліс спикері.Еске сала кетейік, бұған дейін Ерлан Қошанов «Сайлаудың салмағын жеңілдетіп жібермедік пе?» деген сұраққа жауап берген болатын.