Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сайлаудың салмағын жеңілдетіп жібермедік пе? - Қошановтың жауабы

Сайлаудың салмағын жеңілдетіп жібермедік пе? - Қошановтың жауабы
ашық дереккөз
Сайлаудың салмағын жеңілдетіп жібермедік пе? - Қошановтың жауабы

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Қазіргі сайлау науқанында кандидаттардың іс-әрекетіне қатысты айтқым келеді: әнші, биші, сүйекжарғыш, дуэльге шақырғыштар көбейіп кетті. Олардың арасы халық арасында күлкіге айналып жатыр. Тіпті «сандидаттар» деген ат та қойылды. Жалпы, біз саяси салмағы бар сайлауды тым жеңілдетіп жіберген жоқпыз ба?» деп сұрады тілші Мәжіліс спикерінен.
Бұл сұраққа мен бұған дейін де жауап берген едім. Сондықтан тағы да сол жауабымды қайталаймын. Үміткердің қайсысының мықты, қайсысының осал, әлсіз екенін сайлау ғана анықтайды. Халық оған бағасын береді. Менің бұл жерде пікір білдіруім дұрыс болмайды деп ойлаймын, - деп атап өтті Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында.
Сондай-ақ ол Президент сайлауына кандидаттар келесі жылы өтетін сайлауға «дайындық курсынан өтіп жатқан болашақ депутаттар» деген сөзге қатысты сұраққа жауап берді.
Тағы да қайталап айтамын. Сайлаудың тағдырын халық, сайлаушылар шешеді. Сол үшін келесі сайлауда олар депутат бола ма, болмай ма, сайлау көрсетеді, - деді Мәжіліс төрағасы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Кәрім Мәсімов алқабилер сотына жүгіне алмайтындығы туралы айтқан болатынбыз.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар