Жаңалықтар
Қазақстанда қалғысы келетін шетелдіктер үшін бейімдеу орталықтары ашыла ма
- author AR-AY
- 7 қараша, 2022
- 110
Қазақстанда қалғысы келетін шетелдіктер үшін бейімдеу орталықтары ашыла ма
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының Қазақстанда қалғысы келетін азаматтар үшін бейімдеу орталықтарын ашуға қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаттарының сауалында келушілердің Қазақстанда қалуға ниет білдірген азаматтары үшін қалалар мен елді мекендерде бейімдеу орталықтарын ашу ұсынылған. Депутаттардың пайымынша, бұл орталықтарда оларға Қазақстан тарихымен, мәдениеті мен тұрмыс-салтымен, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпымен таныстыру қажет.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын түсіндіріп, құқықтық кеңес беру керек.
Сонымен қатар қазақ тілі курстарын ашып, әрбір көшіп келген шетел азаматын бейімдеу орталығынан өтуді міндеттеген жөн.
«Елімізде мемлекеттік тілді, қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін үйренгісі келетіндер үшін 40 Достық үйінде жұмыс істейтін 174 жексенбілік мектепте мемлекеттік тілді тегін үйренуге жағдай жасалған, онда мемлекеттік тілді үйренумен қатар, қазақ мәдениеті мен әдет-ғұрпымен таныстыру ісшаралары өткізіледі. Мигранттар мемлекеттік тілді әкімдіктер жанындағы «Тіл» оқу-әдістемелік орталықтарының базасында да үйрене алады. «Халықтың көші-қоны туралы» заңда көшіп келушілерге, қандастарға бейімдеу және интеграциялау орталықтарында ақылы бейімдеу және интеграциялық қызметтер алу құқығын беретін норма қарастырылған», - деп атап өтеді Үкімет басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024