Тараз тұрғыны TikTok-тағы видеосы үшін сотталды
Тараз қалалық сотында қала тұрғынының TikTok-парақшасында «Көршілерім-ұрылар» деген видео жариялағаны анықталып, жала жапты деген айыпқа негіз болған видеоға қатысты әкімшілік іс қаралды деп хабарлады Arainfo.kz тілшісі «Знамя труда» басылымына сілтеме жасап.
Облыс орталығының тұрғыны видеоның кейіпкері екенін білген. Мұны оның таныстары да білген.
Ер адам сотқа ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 2-бөлігі (көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған жала жабу) бойынша арыз түсірді.
Жәбірленуші құқықбұзушыны «жазалауды» талап етпей, соттан құқықбұзушымен татуласуға және медиациялық келісімге келуге байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.
Осыған байланысты құқықбұзушы әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. Десе де ол айыптау бабы бойынша кінәлі деп танылды.