Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ – ХАЛЫҚ ҮШІН

КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕК ПЕН  ҚОЛДАУ – ХАЛЫҚ ҮШІН
ашық дереккөз
КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ – ХАЛЫҚ ҮШІН
Қазан айының соңғы жексенбісі елімізде Әлеуметтік қызметкерлер күні ретінде аталып өтеді. Біздіңше, бұл күннің маңызы өзгеге көмек қолын созып, қажетіне жарап, сауапты іс атқара білуге бүкіл қоғамның назарын аудару болар. Басқаның жағдайына бейжай қарамай, барынша жәрдемдесуге ұмтылатын сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, облысымызда жүзеге асырылып отырған халықты әлеуметтік қамту жұмыстары туралы кеңінен айта кетсек дейміз.

24 083 адам тұрақты жұмысқа орналасқан

Биылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аяқталып, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба іске асырылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Биыл ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49 500 адам тарту жоспарланған болатын. Жыл басынан бері жоспар 119,2 пайызға орындалып, 59 002 адам белсенді шараларға тартылды. Оның 36 363-і жұмысқа орналастырылып, 24 083-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Ағымдағы жылдың 9 айында электрондық еңбек биржасына 256 жоба енгізіліп, орындалу үлесі 95,5 пайызды құраған. Ал жарияланған бос жұмыс орындарының саны – 5 591. Бүгінде жұмыс орындарына 2 381 адам орналастырылды, оның 1 779-ы электрондық енбек биржасы арқылы, 602-сі халықты жұмыспен қамту орталықтарының үлесінде. Өңірлік карта аясында 2022 жылы 17 870 жұмыс орнын, оның ішінде 4 959 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып, жыл басынан бері 2 750 адамға тұрақты жұмыс орны ашылып, бекітілген жоспар 55,5 пайызға орындалған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту жұмыстары ағымдағы жылдың 25 шілдесінен басталған. Есепті кезеңге облыс бойынша онлайн оқыту курстарына 19 031 адам жолданып, 14 631 адам оқуларын аяқтады. Сонымен қатар ұлттық жоба аясында кәсіпкерлікті дамытуға 2 630 адамға 400 АЕК мөлшерінде 3 345,4 миллион теңге мемлекеттік қайтарымсыз гранттарды беру қарастырылды.

Қайтарымсыз грант 1 497 азаматқа берілді

Есепті кезеңге облыс бойынша 1 497 адамға 834,1 миллион теңге қайтарымсыз гранттар берілді. Ұлттық жоба аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 1 030 адам орналастырылды. Бүгінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1 142 адам жолданып, 203 адам жұмыстарын аяқтады. Олардың ішінен 188 адам тұрақты жұмыс орындарына жіберіліп, көрсеткіш 92,6 пайызға жеткен. Сонымен қатар жастар практикасына барлығы 1 524 түлек жолданса, есепті кезеңде 1 673 түлек өтінім беріп, 351 адам жұмыстарын аяқтады. Мұның ішінде 315 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасып, көрсеткіші 89,7 пайызды қамтыды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 9 028 адам жолданып, жоспар толығымен орындалды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 124 адамды тарту жоспарланса, бүгінгі күнге 169 адам жолданған. Ал «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына 29 адамды жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 26 адам жіберілді. «Күміс жас» жобасына 249 адамды тарту жоспарланса, есепті кезеңде 242 адам жолданды. Жұмыс күші тапшы өңірлерге ағымдағы жылдың есепті кезеңіне 123 отбасы, 466 адам қоныс аударды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Әрбір 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орындарын ашу» индикаторы бойынша 2022 жылға 6 228 жұмыс орнын ашу белгіленді. Бүгінде аймақта 8 834 жаңа мекеме ашылып, жоспар 141,8 пайыз орындалған. Облыс бойынша 45 718 мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Бұл облыс халқының жалпы санына шаққанда 3,9 пайызды құрайды. Ағымдағы жылдың бірінші қазанында әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 84,1 пайызды құрап отыр. Порталда 20 977 өтініш тіркеліп, 17 640 өтініш қанағаттандырылды. Бұл республикадағы алдыңғы 4-орынның көрсеткіші. Белгіленген межелерге сәйкес, 2022 жылдың соңына таман стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 40 пайызды құрауы тиіс. Осыған байланысты облыс бойынша 2021-2025 жылдары 1 295 нысанды, ал 2022 жылы Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарланған. Тараз қаласы мен аудандарда бүгінгі күнге бейімдеу жұмыстарының тізіміндегі 204 нысанға 171,7 миллион теңге қаржы бөлініп, 128,9 миллион теңге қаржыға 152 нысан бейімделуден өткен. Сонымен қатар 52 нысанға 42,8 миллион теңге қаржы бөлінген.

АӘК-ті 3,9 пайыз жамбылдықтар алады

Атаулы әлеуметтік көмекті 2022 жылдың қазан айындағы көрсеткіш бойынша 8 367 отбасыдағы 44 429 адам алады. Оған 2,8 миллиард теңге тағайындалған. АӘК алушылардың үлесі облыс халқына шыққанда 3,9 пайызды құрады. АӘК алушылар санының ең көп үлес салмағы бойынша Жуалы 7, Т.Рысқұлов 6,1, Сарысу 5,4, Меркі, Талас 4,5, Тараз қаласы 4,4 пайыз. Қаңтар-қыркүйек айларына кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 12 195 бала қамтылған. Еңбекке қабілетті АӘК алушылардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлестік жоспары 77,6 пайыз болса, орындалуы 76,1 пайызды құрап отыр. Отбасының цифрлы картасы аясында ағымдағы жылдың 13 қазанына Жамбыл облысы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж деп танылып отырған 44 115 отбасы бар болса, оның 100 пайызы тексерумен қамтылды. Оның ішінде 536 отбасына ғана төлемдер тиесілі екені анықталды. Жамбыл облысы бойынша 2022-2025 жылдары аралығында барлығы 15 орталық ашылмақ. Биыл 3, 2023 жылы 4, 2024 жылы 4, 2025 жылы 4 орталықтың ашылуы жоспарланған. Сауабы мол, сұрауы көп басқарма жұмысын ширату, қолдаулар мен көмектердің уақытылы көрсетілуі басты назарда. Сондықтан да бұл салада қызмет ететін әр азамат жауапкершіліктің жүгін сезінетініне сенімдімін.

Еркін КЕЛЕСОВ, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар