Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АСАРЛАТЫП САЛЫНҒАН 3 ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

АСАРЛАТЫП САЛЫНҒАН 3 ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
ашық дереккөз
АСАРЛАТЫП САЛЫНҒАН 3 ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Республика күніне орай Т.Рысқұлов ауданында асарлатып салынған 3 үйдің кілті салтанатты түрде табысталып, 3 отбасы баспаналы болды. Көгершін, Қарақыстақ және Жаңатұрмыс ауылдарында бір мезетте өткен іс-шарада қуаныш иелерін құттықтауға келген ауыл тұрғындарының қарасы көп болды.
Көгершін елді мекенінде өткен салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Ернар Есіркепов «Асарлатып үй салу» жобасы аясында аудан бойынша өткен жылы 14 үй мұқтаж отбасыларға берілгенін, биыл тағы да 13 отбасы қоныстой тойлайтынын айтып, көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтады.
Ал Жаңатұрмыс ауылында өткен іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Есеев қатысып, ізгі лебізін жеткізсе, Қарақыстақ ауылында аудандық мәслихаттың хатшысы Ербол Абуталипов баспана кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Айта кететіні, «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 2020-2021 жылдары 30 үй салынса, 2022 жылы аталған жоба аясында 13 үйдің құрылысы жоспарланып, бүгінгі күнге дейін төртеуі пайдалануға берілген. Қалған 6 үй жыл соңына дейін берілетін болады.
Ауыл кәсіпкерлері, сырттағы аудан тумалары, ауыл жастары мен ауданның жанашыр азаматтарының демеушілік көрсетуімен жүзеге асқан бұл жоба мұнымен тоқтамай, алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
«AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар