Әлемде
Қырғызстанда 19 қыркүйек Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды
- author AR-AY
- 19 қыркүйек, 2022
- 142
Қырғызстанда 19 қыркүйек Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Тәжікстанмен арадағы шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде болған қарулы қақтығыстың кісі өліміне әкеліп соғуына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров осы сипаттағы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Ұлттық аза тұту күні елдің бүкіл аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының мемлекеттік тулары төменге түсіріледі; мәдени ошақтар мен теле-радиокомпанияларға ойын-сауық іс-шаралары мен бағдарламаларын ұйымдастырып, таратуға тыйым салынады.
Қырғыз Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан 36 азамат қаза тапқан.
17 қыркүйек Қырғызстанның Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілді.