Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақ қызы Эверест шыңын бағындырды

Қазақ қызы Эверест шыңын бағындырды
Жалпы "Kazakh Everest Team" командасының шыңға көтерілуі бес тәулікке созылды

 "Kazakh Everest Team" қазақстандық команда құрамындағы қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңына шықты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

"Құрамында Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев бар "Kazakh Everest Team" қазақстандық команда әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына (8 848 м) сәтті көтерілді", - делінген Непалдың Гималайда көтерілуге маманданған және қазақстандық экспедицияның ресми жолсерігі "Seven Summit Treks" компаниясының хабарламасында.

8 000 метрден жоғары биіктіктегі дауыл мен боран түріндегі күрделі ауа райы жағдайларына байланысты шыңды бағындыруға ниеттенген экспедициялардың көпшілігі бағытынан кері қайтты, тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алды.

Олардың арасында біздің отандастарымыз бар: тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева және еңбегі сіңген қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев, бұл – оның Эверест шыңына осымен үшінші рет шығуы.

Жалпы "Kazakh Everest Team" командасының шыңға көтерілуі бес тәулікке созылды.

Эверест шыңына Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстанның мемлекеттік туын орнатты.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар