Қоғам
Қазақстандықтар 2023 жылдан бастап қосымша зейнетақы төлемін ала алады
- author AR-AY
- 19 қыркүйек, 2022
- 127
Қазақстандықтар 2023 жылдан бастап қосымша зейнетақы төлемін ала алады
Әлеуметтік кодексінің жобасында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті қарастырылған, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Бұл шара зейнетақысының мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болатын 1975 жылдан кейін туған қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. Олардың зейнетақысы үш компоненттен құралады: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – БЖЗҚ-ға өз аударымдары есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы-жұмыс берушілер жарналары есебінен, - делінген хабарламада.Шартты-жинақтаушы құрамдауыш жинақтаушы (аударымдар кезеңі және олардың жиынтық көлемі тіркеледі) және ынтымақты (түскен қаражат 1975 жылдан кейін туған және зейнеткерлік жасқа жеткен жүйеге қатысушыларға зейнетақы төлеуге бағытталатын болады) зейнетақы жүйелерінің артықшылықтарын қамтиды.