Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда
ашық дереккөз
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бұл адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық құндылықтар мен қоршаған ортаны қорғау. Бұл бағытта мемлекеттік өрт бақылау органдары үлкен жұмыс атқаруда. Алайда әрбір адам өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қаншалықты маңызды екенін түсінбейінше, болып жатқан өрт оқиғаларының саны азаймайды. Өйткені өрттердің туындау себептері көбінесе адами фактормен байланысты. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі 2022-2023 жылдарға арналған жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу іс-шараларының жоспарын бекітті. Бекітілген жоспарды орындау барысында департамент қызметкерлері өрттің алдын алу және халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыс мерзімді баспасөз басылымдарында материалдар жариялау, жергілікті теледидар мен радиода сөз сөйлеу, интерактивті сабақтарды ұйымдастыру, ашық есік күндерін, конкурстар, викториналар, аулаларды аралау және басқа да іс-шараларды өткізу арқылы қамтамасыз етіледі. Төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптарын қатаң орындау мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі, волонтерлер және «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының облыстық филиалы өкілдері халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 7 мыңнан астам ауланы аралап шықты. Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша алдын алу жұмыстары барысында 9 мыңнан астам адам оқытылды. 21 мың данадан астам жадынамалар мен ақпараттық парақшалар таратылды. 5 483 адамды қамти отырып, тұрғындар арасында 317 жиын өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 224 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Бұдан басқа өртке қарсы тақырыпта әзірленген бейнероликтер кабельдік теледидарда, облыс кинотеатрларында, жергілікті жердегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ бейнеаппаратурамен жабдықталған қалааралық автобустарда таратылады. Биылғы Балалар жылы аясында республика бойынша «Біз балалық шақтың қауіпсіздігі үшін» челленджі іске қосылды. Оның мақсаты – балаларды өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын, өрт туындаған жағдайда дұрыс іс-қимылдарға үйрету, жеке қауіпсіздік және айналасындағылардың қауіпсіздігі мәселелеріне саналы және жауапты қарауды қалыптастыру, балалардың қатысуымен төтенше жағдайлар санын азайту. Тұрғындар арасында балабақша мен мектептен бастап өртке қарсы білімді терең, жақсы ойластырылған, жүйелі және дәйекті насихаттаудан тұратын түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу азаматтар мен олардың мүліктерінің өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, сондай-ақ облыстың тұрғын үй қорының өртке қарсы қорғанысын нығайтуға ықпал етеді деп үміттенеміз.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар