Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жергілікті тауар өндірушілердің жағдайы жақсарып келеді

Жергілікті тауар өндірушілердің жағдайы жақсарып келеді
ашық дереккөз
Жергілікті тауар өндірушілердің жағдайы жақсарып келеді

«JS брендтің» сапалы киімдері

Ел ішінде жеке кәсіпкерлікті дамыта отырып, экономиканы ілгерілетуді көздеген мемлекетіміздің қолдауын көргендер аз емес. Солардың бірі – Тараз қаласындағы «JS бренд» сауда белгісімен ерлер мен әйелдерге арналған спорттық костюмдер тігетін шеберхана. – Кәсіпкерлігіміз ұлым Нұрсұлтан Айтынбеттің атында. Негізі тігін шеберханасын өзім басқарамын. Сауда белгісін «JS бренд» деп атауымыздың астарында өзімнің Жанар Серікбай есімім бар. Барынша халыққа сапалы әрі жүріп-тұруға қолайлы кең киім тігіп беруге барымызды салудамыз. Матаны Қырғызстаннан аламыз, сапасына мән береміз. Жобаны бастағанда құны 2 000 000 теңгені құрады. Мемлекеттік грант алып, істі қолға алдық. Әуел басында халыққа ұсынған киімдерімізге сұраныс қаншалықты болатынын бақылап аздан тіктік. Өніміміз елге ұнады. Өздеріне ұнаған киімнің үлгісінің суретін «whatsapp» арқылы жібереді. Сұранысқа қарай киім тігуге ден қойдық. Осылай халықпен жұмыс істедік. Алғашқы жылды халық арасындағы сұранысты ізденумен жұмыс істеп, биыл міне, түбегейлі брендтік киімдерімізді тігіп отырмыз. Биыл жұмыспен қамту орталығынан жұмысшылар берілді. Яғни оларды тігіншілік ісіне тегін оқытып, осында іс жүзінде тәжірибемен үйретеміз. Оларға ақы мемлекеттен төленеді, ал бізге еңбек күші ретінде пайдасы тиіп жатыр. Бастапқыда 40 адам келді, кейін – 15. Содан соң тағы да 15 жұмыссыз азамат келіп, осында кәсіп бойынша білім алып, іскерлікті тәжірибе жүзінде үйреніп жүр. Олардың ішінде көпбалалы аналар да, мүмкіндігі шектеулі кісілер де бар. Оларға кәсіп үйреткеніміз үшін мемлекет бізге де ақы төлеп отыр. Әуелгіде 5 адаммен бастаған кәсіпкерлігімізде қазір 70 жұмысшы жұмыла еңбек етіп жүр. Міне, осылай өз командамызды құрудамыз. Мемлекет тарапынан үлкен қолдау көріп отырмыз, ол үшін билік басындағыларға, осындай көмегін аямаған елімізге шексіз алғысымызды айтамыз, – дейді ісмер Жанар Серікбай. Спорттық костюмдердің бағасы 4500 теңгеден басталып, 12000 теңгеге дейін барады екен. Елге сапалы әрі қолжетімді бағада киім тігуді жолға қойған аталмыш кәсіпкерліктің жоспарлары көп, келешекте қажетті материалдарды өзге шетелдердің ең таңдаулысынан алуды көздеп отыр. Спорттық киімдерді тіккеннен қалған қалдық маталардың кесінділерінен үй ішінде киетін сәнді сүйретпе де тігеді.

Тараздың алуан түрлі халуасы

Талайларды шығыс тәттілерімен тамсандыруда еңбек етіп жүрген «Аханов» жеке кәсіпкерлігі халуа, козинак, табиғи бал өндіріп келеді. Осыдан он төрт жыл бұрын іске кіріскен цех қазіргі таңда жылына тонналап өнім шығарады. Ашылғанда 6 адаммен басталған кәсіпорында қазір 60 жұмысшы еңбек етеді. Кәсіпкерліктің басшысы Нұрлан Ахановтың айтуынша, күнбағыс халуасы және жержаңғақ пен мейіз қосылған, әуе халуа секілді тәттілердің 12 түрі әзірленеді. – Жылына 600-дей тонна өнім шығарамыз. Өнімдеріміз өз елімізбен қатар Қырғызстан, Ресей мемлекеттеріне де таралады. Алғаш ашқан кезде Алматыдағы халуа өндіретін зауыттың директорымен келісіп, мамандарын осында әкеліп іс бастағанбыз. Қазіргі уақытта жұмысшылардың жалақысы 110-120 мың теңге. Цех ғимаратын мемлекеттің көмегімен алдық. Енді тағы да кәсібімізді кеңейту мақсатында жер сұрап отырмыз. Оны да алуымыз мүмкін, соған қарай көптеген жоспарларымыз бар, – дейді Нұрлан Шүкіржанұлы. Сапасы мен тазалығы жағынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптамасынан жыл сайын өтіп тұратынының өзі бұл өндіріс орнына деген сенімді ұялатады.

Қ.РАХМЕТУЛЛИНА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар