Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сарбаздардың қызмет мерзімі аяқталды

Сарбаздардың қызмет мерзімі аяқталды
ашық дереккөз
Сарбаздардың қызмет мерзімі аяқталды
Отан қорғау – ұлы міндет. Сол себепті кез келген мемлекеттің халқы бейбіт заманда өмір сүріп жатса да олар сыртқы қауіптен қорғану үшін әскер ұстайды. Тәуелсіз қазақ елінің Қарулы Күштерінің де өзіндік тарихы бар. Бұрын КСРО-ға бағынған әскери құрылымдар өз алдымызға ел болғалы қайта жасақталып, заманауи әлеуетті иеленуге тырысып бағуда.  Жалпы қазақ әскері хандық дәуірде де ешкімнен осал болмаған. Ақ найзаның ұшы, ақ білектің күшімен сақталып қалған осыншама байтақ жерді кейінгі ұрпаққа аман-есен тапсыру үшін мемлекет кез келген жағдайға дайын болуы шарт. Сол үшін де әскеріміздің әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды шаралар жүйелі жүргізілуде. Соның арқасында Қарулы Күштеріміз қорғаныс саласында қалыптасқан іргелі құрылым ретінде халықтың арқа тұтар айбынды күшіне айналып отыр. Бұл біріншіден, әскери саланы жетілдіруге күш салған Мемлекет басшысының арқасы болса, екіншіден, әскери салада қызмет етіп жүрген офицерлер мен мерзімді әскери қызметін өтеуші сарбаздардың арқасы. Отан алдындағы парызын өтеуді азаматтық борыш санаған жастардың ел алдындағы абыройы асқақ. Өйткені азаматтық борышын өтеген азаматтар өз Отанын қорғай алатын қабілетке ие әрі еліміздің берік қалқаны іспетті. Жақында Гвардейский гарнизонындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының танк бригадасында қызмет етіп жүрген 450-ден аса сарбаз запасқа шығарылды. Қызмет мерзімі аяқталған сарбаздарды запасқа шығару рәсімі салтанатты түрде аталып өтті. Салтанатты іс-шарада әскери бөлімдердің жауынгерлік туы саптық алаңға шығарылып, еліміздің мемлекеттік әнұраны орындалды. Әскери бөлім командирі, полковник Нұрлан Айтчанов қызмет мерзімі аяқталған сарбаздарды құттықтап, оларға алғыс білдіріп, ақ жол тіледі. Сондай-ақ жиынға Ауған соғысының ардагері Серік Шегіров қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сарбаздар да өз кезегінде әскери бөлім басшылығына және офицерлер мен сержанттарға алғыстарын білдірді. – Бүгін ерекше есте қалатын маңызды күн. Себебі біз Отан алдындағы борышымызды өтеп, үйімізге қайтқалы отырмыз. Офицерлер мен сержанттарға айтар алғысымыз шексіз. Олар бізге сапқа тұруды, саптық қалыпты, әскери техника мен қару-жарақты толықтай меңгеруді үйретті, Бізді әскери өмірге бейімдеп, тәлім-тәрбие берді. Отан алдындағы борышын өтеу – әрбір ер-азаматтың міндеті. Өзімнің достарымды, бауырларымды және құрдастарымды мен сияқты әскерге келіп, Отан алдындағы борышын өтеуге шақырамын, – деді танк бригадасының сарбазы, қатардағы жауынгер Ақтілек Құдайберген. Сонымен қатар қызмет мерзімі аяқталған сарбаздарға алғыс хаттар мен фотоальбомдар табыс етілді. Олар әскери бөлімнің жауынгерлік туымен қоштасты. Шара соңында сарбаздар мінбер алдынан соңғы рет сапта жүріп өтті. Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздар жуырда үйлеріне оралады.

Гвардейский гарнизонының баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар