Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

САРЫСУДА СЕРПІЛІС БАР

САРЫСУДА СЕРПІЛІС БАР
ашық дереккөз
САРЫСУДА СЕРПІЛІС БАР
Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің қатысуымен «Сарысу ауданының І жартыжылдықтағы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері» тақырыбында брифинг өтті. – Сарысу ауданы қос бағытта қарқынды дамып келе жатқан киелі өңір. Бірі – ауыл шаруашылығы болса, екінші бағыты – өнеркәсіп салалары. Татулықты ту еткен аудан халқы бірлік пен ынтымақтың, еселі еңбектің арқасында аймақтың әлеуетін арттыру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Жалпы статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық саласында оң динамика қалыптасты, – деді М.Сұлтанғалиев алғы сөзінде. Баспасөз конференциясы барысында аудан басшысы инвестиция мен өнеркәсіп саласына тоқталды. «Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 52,1 миллиард теңгені құрап, 102 пайызға, ауданға тартылған инвестициялардың көлемі 22,1 миллиард теңгеге жетіп, 52,3 пайызға орындалды. Аталған көрсеткіштердің негізгі бөлігін ірі қала құраушы кәсіпорындар «Еврохим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені құрайды. Шикізатты өңдеп, ірі өндірісті дамыту бағытында алдағы 5 жылға инвестициялық жобалардың перспективалық жоспары жасақталған. Жалпы құны 892,1 миллиард теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаның пулы әзірленді. Мақсатымыз – қосымша жобаларды тарта отырып, инвестицияның көлемін 1 триллионға жеткізу. Бұл бағытта жұмыстар өз жалғасын табатын болады, – деді спикер. Марат Қырғызәліұлы бюджеттің атқарылуы бойынша ауданның жалпы бюджеті 16,6 миллиард теңгені құрайтынын айтты. 9 айдың қорытындысымен аудандық және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістер жоспары 10,9 миллиард теңге болса, нақты түсім 11,2 миллиард теңгені құрап, 3,2 пайызға артты. Сондай-ақ бюджет шығындарының атқарылуы 100 пайызға қамтамасыз етілетінін және үнемделген қаржының 0,8 миллион теңгені құрайтынын да атап өтті. Ауыл шаруашылығы саласында қандай өзгерістер бар екендігін де аудан әкімі саралап жеткізді. «Егістік жер көлемі 24 473 гектарды құрап, оның 24 020 гектар жері немесе 99 пайызы жоспарлы түрде игерілді. Пайдаланылмай жатқан 64,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Елді мекен жайылымы 45 мың гектарға ұлғайды, – деді М.Сұлтанғалиев. Сонымен қатар спикердің мәлімдемесі бойынша, ауданда кәсіпкерлікті дамыту басты назарға алынған. – Бүгінгі күнге ауданда 3 939 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның 3 233-і белсенді қызмет жасап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,8 пайызға артты. Жыл басынан кәсіпкерлерге 1 миллиард 353,2 миллион теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, кәсіпкерліктің әртүрлі саласын дамыту мақсатында жеңілдетілген 6 пайыздық несиелендіру бойынша жалпы соммасы 59,5 миллион теңге болатын 17 жоба мақұлданып, оның ішінде 27,7 миллион теңге көлемінде 8 жоба қаражаттарына қол жеткізді. Көтерме сауданың көлемі 906,5 миллион теңге құраса, бөлшек сауда айналымы 809,6 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,8 пайызға артып отыр, – деді спикер. Брифинг соңында аудан басшысы халықпен кері байланыс орнату және мәселелерді тұрғындармен бірге талқыға салу мақсатында БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желіден келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Аяулым ЖАМАНҚАРА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар