Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевты қолдайтын штаб жұмысын бастады

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевты қолдайтын штаб жұмысын бастады
ашық дереккөз
Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевты қолдайтын штаб жұмысын бастады
Бүгін елордада ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевты қолдау жөніндегі республикалық штаб ресми түрде ашылып, жұмысын бастады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Кандидат Жигули Дайрабаевты қолдауға арналған үгіт-насихат жұмысы еліміздің барлық өңірінде жүреді. Атап айтқанда, 88 қала, 30 кент және 6 мыңнан астам елдімекенді қамтиды. Үгіт-насихат жұмысын кандидаттың өзі және оның сенімді өкілдері өткізеді. Барлық іс-шара уақытында өткізіледі», – деді кандидат Жигули Дайрабаевты қолдау жөніндегі республикалық штабтың басшысы Төлеутай Рахымбеков. Оның айтуынша, кандидатты қолдау жөніндегі штаб еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді. «Барлық қоғамдық штаб үгіт-насихат жұмысына қажетті затпен толық қамтамасыз етілген. Респубилкалық штабтың ашылуы барысында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев өзін қолдаушыларға алғыс айтып, сайлауалды бағдарламасын таныстырды», - дейді ол. Айта кетейік, ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан түсіп отыр.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар