Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Президент сайлауы: Мейрам Қажыкенді қолдайтын штаб ашылды

Президент сайлауы: Мейрам Қажыкенді қолдайтын штаб ашылды
ашық дереккөз
Президент сайлауы: Мейрам Қажыкенді қолдайтын штаб ашылды
ҚР Президенті сайлауына кандидат Мейрам Қажыкенді қолдау жөніндегі штаб жұмысын бастады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «21 қазан күні сағат 18:00-де «ҚР Сайлау туралы» Заңға сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің штабы ашылды. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы қабылданып, үгіт-насихат жұмысының жоспары бекітілді. Үгіт-насихат жұмыстарына Мейрам Қажыкеннің өзі қатысады. Сондай-ақ үміткердің 138 сенімді адамы жұмыс істейді», - деді ҚР Президенті сайлауына кандидат М. Қажыкенді қолдау жөніндегі штаб жетекшісі Әбіл Кекілбаев. Оның айтуынша, еліміздің 14 өңірінде үгіт-насихат штабы жұмыс істейді. Еске салсақ, Мейрам Қажыкен «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі атынан Президенттікке кандидат ретінде тіркелді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар