Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жасөспірімдердің 40 пайыздан астамында смартфонға деген клиникалық тәуелділік нышандары бар. Адам күніне орта есеппен өз телефонын 2 600 рет түртіп, экранын тексереді екен. Бұл – саналы әрекет емес, рефлекске айналған әдет. Мәселен, телефон үйде қалып қойса немесе қуаты таусылса, адамда үрей мен мазасыздық пайда болады.
Смартфонды жиі қолдану мидың ақпаратты ұзақ уақыт бойы өңдеу қабілетін төмендетеді. Нәтижесінде жастардың сабақ үлгерімі мен есте сақтау қабілеті нашарлайды. Мәселені шешу үшін телефоннан мүлдем бас тарту міндетті емес, тек цифрлық гигиенаны сақтау жеткілікті. Яғни экран уақыты, лимиті телефон параметрлерінде әлеуметтік желілерге күніне 1 сағаттан артық кірмеуге шектеу қою қажет. Осылайша адам өз алтын уақытын жақындарына арнаса болады.
Негізінде телефон біздің мүмкіндігімізді кеңейтетін құрал ғана екенін ескеруіміз керек. Егер ол біздің уақытымыз бен денсаулығымызды смартфон мен гаджеттердің кесірінен жоғалтатын болсақ, бұл – дабыл қағатын мәселе. Нағыз өмір экранның ішінде емес, сыртында екенін ұмытпағанымыз жөн.
Әмина ЕЛШІБЕК,
А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның
11-сынып оқушысы,
Талас ауданы,
Қаратау қаласы




