Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жасанды интеллект жарға жығып жүрмесін

Жасанды интеллект жарға жығып жүрмесін
Жасанды интеллект
Жасанды интеллект бүгінде тек бір саламен шектелмей, экономиканың, медианың, білім беру мен күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналды. Бұрын уақыт, ресурс талап ететін көптеген жұмыстың басым бөлігі қазір автоматтандырылып, жылдам әрі тиімді орындалатын болды. Соның нәтижесінде жұмыстың өнімділігі артып, интеллект бағытында жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Соның бір қарапайым дәлелі – әлеуметтік желілерде жасанды интеллект арқылы жасалған видеолар қаптады. Олардың шынайы өнімге ұқсайтыны соншалық, жұрттың үрейін туғызып, аға буын өкілдері тіпті сеніп те қалып жатыр.

Осы орайда біз жасанды интеллекттің мүмкіндігін пайдалана отырып түрлі контент жасаумен айналысатын Аружан Исмаилмен сөйлесіп, пікірлескен болатынбыз.

– Жасанды интеллект арқылы ролик жасап жүргеніме бір жылдан асты. Басында жай ғана қызығушылық болды. Алғашында жансыз заттарды «тірілтіп», қысқа видеолар жасайтынмын. Бірте-бірте тәжірибе жиналып, мазмұнына да мән бере бастадым. Кейін көкөністер мен жеміс жидектерді кейіпкер ретінде қолданып, олардың пайдасы туралы роликтер жасауға көштім. Әрі қарапайым, әрі түсінікті формат болған соң көпшілік те жақсы қабылдады.

Видеоларымды әлеуметтік желіге тұрақты түрде салып отырдым. Уақыт өте келе қаралым көбейіп, бірнеше мың тіркелуші жиналды. Сол кезде бұл істің жай әуестік емес, сұранысы бар бағыт екенін түсіндім. Біртіндеп адамдар өздері жазып, түрлі тапсырыстар ұсына бастады. Көбіне мұғалімдер мен тәрбиешілер хабарласып, балаларға арналған, түсінікті әрі жеңіл видеолар сұрайды. Бұл жерде жасанды интеллекттің тиімді тәсілі күрделі ақпаратты қарапайым әрі қызықты түрде жеткізуге мүмкіндік берді.

 Алайда уақыт өте келе басқа сипаттағы тапсырыстар да түсе бастады. Қазір әлеуметтік желілерде агрессия, ұрып-соғу сияқты мазмұндағы видеолар көбейіп кетті. Сол бағытта да ролик жасап беру туралы ұсыныстар болды. Бірақ ондай дүниелерді жасауға ниет танытпадым. Себебі мұндай контентті өзім де құптамаймын, әрі оның қандай әсер беретінін түсінемін.

Әсіресе енді қалыптасып келе жатқан балаларға берер әсері алаңдатады. Кішкентай көрермен көргенін сол күйінде – Кішкентай кезінен бастап телефоннан зорлық зомбылық, қоқан-лоқыға толы контент көріп өскен баланың психикасына міндетті түрде әсер етеді. Себебі бала бұл кезеңде айналасындағы ақпаратты толық сүзгіден өткізбей қабылдайды. Ол үшін көрген нәрсе қалыпты құбылыс сияқты көрінуі мүмкін. Соның салдарынан қорқыныш пен агрессияға бейімділік қалыптасып, эмоцияны дұрыс түсінуі мен басқаруы қиындап қалуы ықтимал. қабылдайды, оның жасанды немесе шынайы екенін саралай алмайды. Егер видеода жағымсыз әрекеттер қалыпты нәрсе сияқты көрсетілсе, ол баланың санасында да солай қалыптасуы мүмкін. Сондықтан мұндай тапсырыстардан бас тартамын.

 Жасанды интеллектпен жұмыс істеу тек видео жасау емес, сонымен қатар жауапкершілік алу. Қандай контент ұсынатының, оның көрерменге қалай әсер ететіні маңызды. Қаралым мен сұраныс бар екен деп, кез келген дүниені жасай беру де дұрыс емес. Өз басым мазмұны пайдалы, зиянсыз бағыттағы роликтер жасағанды жөн көремін,– дейді Аружан Сержанқызы.

Жасанды интеллекттің ықпалы күшейген сайын оған қатысты пікірлер де екіге жарылады. Бір тарап оны технологиялық прогрестің жалғасы, дамудың бастапқы қадамдары ретінде қарастырады. Ал екінші тарап бұл үдерістің көлеңкелі тұстарына назар аударады. Ең алдымен, ақпараттық қауіпсіздік мәселесі алға шығады. Бұл тұрғыда жалған контенттің көбеюі, соның ішінде «deepfake» жанрындағы видеолардың кеңінен таралуы кім-кімді де ойландырмай қоймайды.

Қазір әлеуметтік желілерде жануарларды, тіпті жансыз заттар мен жемістерді «сөйлетіп», оларды ұрып-соғу, өлтіру, алдау, опасыздық жасау сияқты әрекеттерге қатыстырған роликтер кең таралып жүр. Мұндай контент сырт көзге ойын сауық сияқты көрінгенімен, алайда астарында агрессия мен жағымсыз мінез-құлықты насихаттау ниеті жатыр. Ең бастысы, баланың дамуы тек психикамен шектелмейді. Мұндай мазмұндағы видеолар оның сөйлеу дағдысына, ойлау жүйесіне де әсер етеді. Тілді үйрену, сөздік қорды дамыту, логикалық ойлау сияқты маңызды процестер сапалы әрі жас ерекшелігіне сай ақпарат арқылы қалыптасады. Ал агрессияға, шектен шыққан әрекеттерге толы контент баланың назарын дұрыс бағыттан ауытқытып, дамуына кедергі келтіруі мүмкін.

Осы орайда жасанды интеллект арқылы жасалған видеолар жайында үй тұрмысындағы ана Жазира Дастанбекова өз ойымен бөлісті.

– Кейде қолым босамай, үй шаруасы немесе басқа тірлік болып жатқан кезде кішкентай балама телефон ұстата салатын кездер болады. Сол күндердің бірінде де әдеттегідей қарбалас болып, балам жылап, мазасызданып кеткен соң қолына телефон беріп қойдым. Басында тынышталып, қарап отырғанына өзім де қуанып қалдым. Біраз уақыттан кейін жанынан өтіп бара жатқанда не көріп отырғанын көзім шалып қалды. Алғашында жай ғана мультфильм шығар деп ойлағанмын. Бірақ анықтап қарасам, мүлде басқа жағдай екен, ішінде ашық түрде ұрып-соғу, жағымсыз қылықтар, балаға лайық емес сөздер айтылған видеолар болып шықты. Сол сәтте өзім де шошып кеттім.

 Дереу баламның қолынан телефонды алып, сол сияқты видеолар шығатын парақшаларды әлеуметтік желіден бұғаттап тастадым. Сол жағдайдың өзі маған үлкен сабақ болды. Кейде «бір-екі минут тыныш отырсын» деп берілген телефонның артында қандай жағдай боларын толық бақылай бермейтінімізді түсіндім. Сол жағдайдан кейін нақты шешім қабылдадым. Қандай жағдай болса да кішкентай балаға телефонды жиі ұстата бермеу керек. Өйткені желінің ішінде бала психологиясына әсер ететін дүниелер өте көп.

Қазір ойлап қарасам, бұл тек менің ғана емес, көптеген ананың ортақ мәселесі сияқты. Сондықтан әр ата-ана баласының не көріп отырғанына көбірек мән берсе екен деймін. Өйткені бала көргенін сол күйінде қабылдайды, ал оның әсері ертеңгі мінезіне де ықпал етуі мүмкін, – деді Жазира Дастанбекова.

Осы тұрғыдан қарағанда «Жасанды интеллект бізге дос па, әлде дұшпан ба?» деген сұраққа біржақты жауап беру қиын. Ол – құрал. Оның қандай бағытта қолданылатыны адамға, қоғамға және оны реттейтін жүйелерге байланысты. Дұрыс басқарылған жағдайда ЖИ дамудың қуатты тетігіне айналуы мүмкін, ал бақылаусыз қолданылса, ақпараттық және әлеуметтік тәуекелдерді күшейтеді.

 Мақаланы жазу барысында біз осындай видеолардың бала психикасына қалай әсер ететінін білу үшін психолог маман Маржан Бекболсынмен де байланыстық.

– Кішкентай кезінен бастап телефоннан зорлық-зомбылық, қоқан-лоқыға толы контент көріп өскен баланың психикасына міндетті түрде әсер етеді. Себебі бала бұл кезеңде айналасындағы ақпаратты толық сүзгіден өткізбей қабылдайды. Ол үшін көрген нәрсе қалыпты құбылыс сияқты көрінуі мүмкін. Соның салдарынан қорқыныш пен агрессияға бейімділік қалыптасып, эмоцияны дұрыс түсінуі мен басқаруы қиындап қалуы ықтимал.

Ең бастысы, баланың дамуы тек психикамен шектелмейді. Мұндай мазмұндағы видеолар оның сөйлеу дағдысына, ойлау жүйесіне де әсер етеді. Тілді үйрену, сөздік қорды дамыту, логикалық ойлау сияқты маңызды процестер сапалы әрі жас ерекшелігіне сай ақпарат арқылы қалыптасады. Ал агрессияға, шектен шыққан әрекеттерге толы контент баланың назарын дұрыс бағыттан ауытқытып, дамуына кедергі келтіруі мүмкін.

 Рас, қазіргі таңда жасанды интеллект арқылы жасалатын видеолар көбейіп кетті. Олардың ішінде пайдалы, танымдық бағытта жасалғандары да бар. Сонымен қатар баланың психологиясына кері әсер ететін, шынайы өмірден алшақ, бірақ эмоциясы күшті контент те жетерлік. Сол себепті бұл жерде мәселе технологияның өзінде емес, оның қандай мақсатта қолданылуында.

Балалар үшін ақпараттық орта аса маңызды. Сондықтан ата-ана ретінде ең басты міндеттердің бірі – баланың не көріп отырғанын бақылау. Тек тыйым салу емес, түсіндіру, дұрыс бағыт беру де маңызды. Қарапайым мультфильм бе, әлде жасанды интеллектпен жасалған видео ма, бәрінің мазмұнына назар аудару қажет, – дейді М. Асқарқызы.

Жасанды интеллект арқылы жасалатын контент пен видеолар бүгінде өте тез дамып, күнделікті өмірге терең еніп кетті. Бір жағынан, бұл – үлкен мүмкіндік. Осы арқылы көптеген адам контент жасап, аудитория жинап, тіпті табыс таба бастады. Бірақ елеусіз қалдыруға болмайтын кері тұстары да аз емес. Оны жоғарыда баяндадық. Ендігі кезекте қоғам өкілдері болып қорытынды шығара білуіміз керек. «Жылтырағанның бәрі алтын емес» дегендей, желіде жалт-жұлт етіп жанарды арбаған жасанды интеллект өнімдері ертеңгі күні жас ұрпақты жарға жығып жүрмесе болғаны.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар