Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бюджетті тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жүйе

Бюджетті тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жүйе
www.gov.kz
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды жаңғырту аясында цифрлық технологияларды енгізу кеңінен жүзеге асырылуда. Мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру – осы бағыттағы басым міндеттердің бірі. Осы жүйеде электрондық депозитарий маңызды орын алады.

Мемлекеттік сатып алудағы электрондық депозитарий – бұл әлеуетті жеткізушілердің тәжірибесін, іскерлік беделін және орындалған шарттарын растайтын құжаттар мен мәліметтер сақталатын орталықтандырылған электрондық ақпараттық жүйе.

Электрондық депозитарийді енгізудің негізгі мақсаты – сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, қатысушыларды әділ бағалау және жалған ақпарат ұсыну тәуекелдерін азайту. Жүйеге енгізілетін барлық мәліметтер уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан тексеріледі.

Электрондық депозитарий жеткізушілер үшін де бірқатар артықшылық береді. Бір рет расталған тәжірибе туралы ақпаратты бірнеше рет пайдалануға мүмкіндік бар, бұл құжаттарды жинауға кететін уақыт пен шығынды қысқартады.

Тапсырыс берушілер үшін электрондық депозитарий өтінімдерді қарау үдерісін жеңілдетіп, шешім қабылдау сапасын арттырады. Сонымен қатар жүйе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және мемлекеттік сатып алу саласындағы қоғамдық сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Электрондық депозитарий Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жүйесін дамытудағы маңызды цифрлық құрал болып табылады және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

Бекдәулет АБДУКАРИМОВ,
облыс бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменті
электрондық депозитария бөлімінің басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар