Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мүгедектікті жалған рәсімдеу белең алған ба? Министрлік ел көлемінде жаппай тексеру бастады

Мүгедектікті жалған рәсімдеу белең алған ба? Министрлік ел көлемінде жаппай тексеру бастады
gov.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті мүгедектікті белгілеу мәселелері бойынша еліміз аумағында кешенді тексерулер жүргізуді бастады, деп хабарлайды arainfo.kz

Тексерулерге Атырау облысы аумағында азаматтарды сырттай проактивті куәландыру кезінде құқық бұзушылық белгілерінің анықталуы себеп болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, медициналық ұйым қызметкерлері мен дәрігерлік-консультациялық комиссия өкілдерінің әрекеттерінде құжаттарға жалған мәлімет енгізу фактілері байқалған.

Аталған деректер бойынша материалдар құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жолданды.

Министрлік мүгедектікті белгілеу рәсімдерінің заңдылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Тексеру нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат берілмек.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар