Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Қайрат» пен «Ақтөбе» ойыны алдында полиция жанкүйерлерге үндеу жасады

«Қайрат» пен «Ақтөбе» ойыны алдында полиция жанкүйерлерге үндеу жасады
polisia.kz
Бүгін Алматы қаласында «Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол командалары арасында матч өтеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Осыған байланысты полиция қызметкерлері стадион аумағында және оған іргелес жерлерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қосымша шаралар қабылдауда.

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдиновтың айтуынша, спорттық іс-шара кезінде қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болады.

– Матч өтетін күні стадион мен оған іргелес аумақта қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосымша полиция күштері жұмылдырылады, – деді ПД бастығы.

Сондай-ақ ол жанкүйерлерді стадиондағы белгіленген ережелерді сақтауға шақырды.

– Футбол – эмоция, қолдау және өз командаңа деген адалдық. Дегенмен баршаға ортақ бір қағида бар: заң мен тәртіп кез келген эмоциядан жоғары тұрады. Агрессия, арандату, балағат сөздер, қорлау, бұзақылық әрекеттер, сондай-ақ тыйым салынған заттарды пайдалану – мүлде жол берілмейтін әрекеттер. Мұндай жағдайларда полиция тарапынан жедел шаралар қабылданады. Құқық бұзушылар анықталып, әрбір дерекке құқықтық баға беріледі, – деп атап өтті Айдын Кабдулдинов.

Полиция өкілдері қала тұрғындары мен жанкүйерлерді қоғамдық тәртіпті сақтап, матчты мәдениетті түрде тамашалауға шақырды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар