Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Наурызнама: бүгін – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Наурызнама: бүгін – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
vk.com
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өту аясында ұйымдастырылатын онкүндік іс-шаралар дәстүрге айналды. Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталады. Солардың бірі – 16 наурызда өтетін «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні. Аталған күн аясында халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері мен ғұрыптарын насихаттауға арналған мәдени шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, «Тілеу көже», «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Жақсының орнына аунату», «Тұсаукесер», «Ашамайға мінгізу», «Қызды оң босағаға отырғызу», «Бұрымын өру», «Беташар» секілді ұлттық дәстүрлер негізінде музыкалық-театрландырылған көріністер қойылады. Іс-шараның басты мақсаты – халқымыздың дүниетанымы мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғысын, наным-сенімін кеңінен насихаттау. Сондай-ақ ұлттық мәдениеттің алтын арқауы саналатын рухани құндылықтарды жаңғыртып, оны жас ұрпақтың бойына сіңіру, ұлттық бірегейлікті сақтау көзделеді. Мамандардың айтуынша, дәстүрлерді бүгінгі заман талабына сай жаңғыртып, олардың шығу тарихы мен мән-мағынасын кеңінен таныстыру – ұлттық мұраны сақтаудың маңызды жолдарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар халқымыздың бай мәдени қазынасын қайта жандандырып, жалпы халықтық сипат алуына мүмкіндік береді. Мәдениет – қоғамды ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіретін басты тірек. Осы орайда 16 наурыздың тақырыптық мазмұны мәдениет, өнер және ұлттық құндылықтарды кеңінен дәріптеуге бағытталған. Мұндай шаралар ата-бабаларымыздың рухани және мәдени өмірін тереңірек танып-білуге жол ашады

Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталады. Солардың бірі – 16 наурызда өтетін «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні.

Аталған күн аясында халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері мен ғұрыптарын насихаттауға арналған мәдени шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, «Тілеу көже», «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Жақсының орнына аунату», «Тұсаукесер», «Ашамайға мінгізу», «Қызды оң босағаға отырғызу», «Бұрымын өру», «Беташар» секілді ұлттық дәстүрлер негізінде музыкалық-театрландырылған көріністер қойылады.

Іс-шараның басты мақсаты – халқымыздың дүниетанымы мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғысын, наным-сенімін кеңінен насихаттау. Сондай-ақ ұлттық мәдениеттің алтын арқауы саналатын рухани құндылықтарды жаңғыртып, оны жас ұрпақтың бойына сіңіру, ұлттық бірегейлікті сақтау көзделеді. Бұл бағыттағы жұмыстар халқымыздың бай мәдени қазынасын қайта жандандырып, жалпы халықтық сипат алуына мүмкіндік береді.

Мәдениет – қоғамды ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіретін басты тірек. Осы орайда 16 наурыздың тақырыптық мазмұны мәдениет, өнер және ұлттық құндылықтарды кеңінен дәріптеуге бағытталған. Мұндай шаралар ата-бабаларымыздың рухани және мәдени өмірін тереңірек танып-білуге жол ашады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар