№67 түзеу мекемесінде тыйым салынған заттарды өткізбек болған азамат ұсталды
- author AR-AY
- Бүгін, 11:54
- 28
Мекемелердің кіреберісінде және сәлем-сауқат қабылдау орындарында туысқандары мен жақындарына сәлемдеме әкелушілер үшін тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасағандарға қолданылатын жаза туралы жазбаша ескертпелер көрнекі жерлерге ілінген.
Соған қарамастан, кейбір азаматтар сотталғандар мен тергеудегі тұлғаларға тыйым салынған заттарды жасырын түрде өткізуге әрекет жасайды.
Мәселен, 2026 жылғы 10 наурыз күні сағат 14:10 шамасында жедел ақпарат негізінде №67 мекемесінің сәлем-сауқат қабылдау бөлмесінің жауапты қызметкерлері сотталғандарға арналған азық-түлік өнімдерін қабылдау барысында азамат М-дан тыйым салынған заттарды анықтады. Тексеру кезінде 4 (төрт) дана ұялы телефон және 2 (екі) дана қуаттағыш табылып, тәркіленді.
Аталған құқықбұзушылық бойынша азамат М-ға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылып, жиналған материалдар сотқа жолданды.
Қазіргі таңда мекеме басшылығы тарапынан жеке құраммен күнделікті нұсқаулық жұмыстар жүргізіліп, мекемеге келуші азаматтарға қолданыстағы заң талаптары мен олардың құқықтық жауапкершілігі тұрақты түрде түсіндіріліп келеді.
Бруцеллез – салдары ауыр жұқпалы ауру
Ұқсас жаңалықтар
Таразда U15 және U23 санаттары арасында Қазақстан чемпионаты басталды
- авторAR-AY
- 9 наурыз, 2026




