Басқосуға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының өкілдері, этникалық БАҚ редакторлары, баспасөз қызметінің қызметкерлері шақырылды. Сондай-ақ облысымыздан «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің қызметкерлері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының төрағасы Марат Құлибаев және клуб мүшелері онлайн қатысты.
Кездесуді республикалық Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев модератор ретінде ашып, конференцияның мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Іс-шара барысында Жаңа Конституцияның ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындаудағы рөлі, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы маңызы кеңінен талқыланды. Конституциялық реформалардың жүзеге асырылуы, азаматтық қоғам институттарының белсенділігі және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі туралы сөз болды.
Бибігүл ШАХЗАДА,
Өңірлік ҚХА Баспасөз қызметі хатшысы,
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»
бөлімінің бас сарапшысы




