Жаңалықтар
Таразда әйел адам алтындарын сатып, қарақшылық туралы жалған хабарлама берген
- author AR-AY
- 9 наурыз, 2026
- 3
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Тараз қаласында өзіне қарақшылық шабуыл жасалды деп хабарлаған әйелдің сөзі жалған болып шықты.
Әйелдің айтуынша, бетперде киген белгісіз ер адам үйіне кіріп, қарумен қорқытып, қолын байлап, алтын әшекейлері мен ақшасын алып кеткен. Ауыр қылмыс туралы хабарламадан кейін полиция жедел түрде тексеру жүргізіп, іздестіру шараларын бастаған.
Алайда тексеру барысында ешқандай шабуыл болмағаны анықталды. Полицейлердің мәліметінше, әйел алтындарын бірнеше ай бұрын күйеуіне айтпай сатып жіберген. Кейін отбасылық жанжалдан қорқып, «қарақшы» туралы оқиғаны ойдан шығарған.
Қазір қылмыс туралы көрінеу жалған хабарлама беру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда референдум қарсаңында спорт пен өнер тоғысқан мерекелік шара өтті
- авторAR-AY
- 7 наурыз, 2026


