Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды

Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды
No Limit Boxing
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы International Boxing Federation (IBF) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Ұйымның мәліметінше, шешім 2026 жылғы 5 наурызда IBF директорлар кеңесінің телеконференциясында қабылданған. Оған чемпиондық титулды белгіленген мерзімде қорғай алмауы себеп болған.

Қазақстан кәсіби бокс федерациясының IBF ережесіне сәйкес чемпион белбеуін тоғыз ай ішінде қорғауы тиіс. Осы талап орындалмағандықтан, Әлімханұлы 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін шеттетіліп, ұйым орта салмақтағы чемпиондық титулды бос деп жариялады.

Бұған дейін боксшының допинг-сынамасынан мельдоний анықталғаны хабарланған еді. Кейін тексеріс нәтижесінде препараттың шұғыл медициналық ем барысында қолданылғаны белгілі болды. Шеттету мерзімі 2025 жылғы 2 желтоқсаннан 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін жалғасады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар