Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда U15 және U23 санаттары арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Таразда U15 және U23 санаттары арасында Қазақстан чемпионаты басталды
Автор
Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.

Киелі Тараз төрінде ту көтерген бұл чемпионатқа еліміздің әр өңірінен жиналған 1000-нан астам жас балуан қатысуда. Чемпионат 10 күнге жалғасады.

Аталған дода жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ ұлттық құрама сапына үміткер балуандарды анықтауда маңызды жарыстардың бірі. Әр салмақ дәрежесінде үздік шыққан спортшылар Қазақстан құрамасының қатарына қосылып, ресми чемпионаттарда ел намысын қорғайды.

Айта кетсек, бұл чемпионатта жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақы тағайындалған. Қазақстан күрес федерациясы жас балуандар мен болашақ жұлдыздарға қолдау көрсету мақсатында чемпионаттың жалпы жүлде қорына 41 миллион теңге бөліп отыр.

Яғни, U15 санатының чемпиондарына 200 мың теңге көлемінде сыйақы бекітілсе, екінші және үшінші орын иелеріне сәйкесінше 100 мың және 50 мың теңге табысталады. Ал U23 санатының үздіктері 500 мың теңге, күміс жүлдегерлер 300 мың теңге, ал қола медаль иегерлері 150 мың теңге көлеміндегі қаржылай марапатқа ие болады.

Бұл дода еліміздегі күрес мектептерінің деңгейін көрсететін маңызды жарыстардың бірі. Сонымен қатар, жас балуандар үшін тәжірибе жинап, алдағы халықаралық жарыстарға жолдама алуға мүмкіндік береді.

Ел чемпиондары келесі салмақ дәрежелері бойынша анықталады: 

U15: 

Грек-рим күресі 38, 41, 44, 48, 52, 57, 62, 68, 75, 85 кг, +85 кг.

Еркін күрес 38, 41, 44, 48, 52, 57, 62, 68, 75, 85 кг, +85 кг.

Әйелдер күресі 33, 36, 39, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 72 кг.

U23 :

Грек-рим күресі 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97 кг, 130 кг.

Еркін күрес 57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92, 97 кг, 125 кг.

Әйелдер күресі 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 кг.

Белдесулер: күнділікті сағат 10:30-да басталады.

Ақтық белдесулер: күнделікті сағат 18:00-де.

Ашылу салтанаты: 2026 жылғы 10 наурыз, сағ. 17:30.

Мекенжай: «Тараз-Арена» спорт кешені, Тараз қаласы, Тәуке хан, 22.

Аккредитация: 8 775 292 27 95, Қанат.

 

Қазақстан күрес федерациясының

баспасөз қызметі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар