Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тағайындау

Тағайындау
Автор
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиевпен бірге өңір судьялары мен сот қызметкерлеріне Жамбыл облыстық сотының жаңа төрағасын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бұл қызметке Ерлан Смадиярұлы Қосмұратов тағайындалды.

Асламбек Мерғалиев жаңа төрағаның кәсіби еңбек жолына тоқталып, оның алдында сот төрелігінің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытында маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Өз кезегінде өңір басшысы Ерлан Смадиярұлының мол тәжірибесі мен жоғары біліктілігі облыстық сот жүйесінің жұмысын жетілдіруге, азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге оң ықпал ететініне сенім білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Ерлан Смадиярұлы Қосмұратов 1974 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

1997-2000 жылдары Қарағанды гарнизоны бойынша ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасында жедел уәкіл, тергеуші;

2000-2001 жылдары Қарағанды гарнизоны әскери прокуратурасында әскери прокурордың аға көмекшісі;

2001-2002 жылдары ҚР Бас әскери прокуратурасының әскери прокуроры;

2002-2005 жылдары Қарағанды облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің бөлім басшысы;

2005-2007 жылдары Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде тергеу басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы;

2007-2010 жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотының судьясы;

2010-2016 жылдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы;

2016-2020 жылдары Астана қалалық сотының судьясы;

2020-2023жылдары ҚР Әскери сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;

2023 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметін атқарған.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар