Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Шетелге жұмыс істеуге барамын деп сан соғып қалмаңыз

Шетелге жұмыс істеуге барамын деп сан соғып қалмаңыз
Polisia.kz
Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернетте жарияланатын хабарландырулар арқылы азаматтарды шетелдегі “жалақысы жоғары жұмысқа” тарту деректері көбейгенін айтып, мұндай ұсыныстардың қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды arainfo.kz

Әлеуметтік желілерде шетелде жоғары табыс табуға уәде беретін күмәнді жұмыс ұсыныстары көбейіп келеді. Құзырлы органдардың мәліметінше, алаяқтар мессенджерлер мен хабарландыру сайттары арқылы тәжірибе мен тіл білуді талап етпейтін, жол ақысы мен жатын орны тегін “оңай жұмыс” ұсынатынын айтып, азаматтарды алдайды.

Мұндай хабарландырулар көбіне Telegram арналарында, WhatsApp топтарында және өзге де онлайн платформаларда таратылады.

Алайда шетелге барған азаматтар шын мәнінде мүлде басқа жағдайға тап болуы мүмкін. Олардың жеке құжаттары тартып алынуы, еркін жүріп-тұруына шектеу қойылуы, интернет арқылы жасалатын алаяқтық схемаларға күштеп тартылуы ықтимал. Кей жағдайда уәде етілген жалақы берілмей, елге қайтару үшін ақша талап етіледі, қысым көрсету мен қорқыту фактілері де кездеседі.

Осыған байланысты мамандар азаматтарды сақ болуға шақырады. Шетелге жұмысқа тек ресми тіркелген, лицензиясы бар агенттіктер арқылы бару ұсынылады. Сондай-ақ жұмыс беруші туралы мәліметті мұқият тексеріп, келісімшарт талаптарын алдын ала зерттеу қажет.

Бұдан бөлек, жеке құжаттар мен деректерді бейтаныс адамдарға бермеу, сапар бағыты мен баратын жер туралы жақындарға алдын ала хабарлау маңызды.

Егер күмәнді ұсыныс алсаңыз немесе алаяқтық белгілерін байқасаңыз, бірден құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Құзырлы ведомство өкілдері азаматтарды қырағы болуға және интернеттегі күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар