Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

3 мыңнан астам ауыл сапалы интернетке қосылады

3 мыңнан астам ауыл сапалы интернетке қосылады
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақтелеком» компаниясының қызметі мен соңғы екі жылда жүзеге асырған негізгі инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларының нәтижелері баяндалды, деп хабарлайды arainfo.kz

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин бүгінде «Қазақтелеком» 1,75 миллионнан астам үй шаруашылығына қызмет көрсететінін айтты. Оның сөзінше, ел аумағында талшықты-оптикалық желіні кеңейту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып, компания телекоммуникация нарығының негізгі сегменттерінде көшбасшылық орнын сақтап отыр.

Елді мекендерді сапалы байланыспен қамту бағытындағы жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. 2027 жылдың соңына дейін халқы 1 миллионнан асатын 3 мыңнан астам ауылды жоғары сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған.

Кездесуде «Каспий ТОБЖ» халықаралық жобасының жүзеге асырылу барысы да сөз болды. Жоба Ақтау – Сумгаит бағыты бойынша суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін тартуды көздейді. Бұл бастама Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, Еуропа мен Азия арасында цифрлық дәліз қалыптастыруға мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Екібастұз қаласында «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» стратегиялық жобасы аясында заманауи орталық салынуда. Оның қуаты кезең-кезеңімен ұлғайтылып, халықаралық технологиялық компанияларды тартуға және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Бағдат Мусин жасанды интеллект технологияларын енгізуге басымдық беріліп отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, корпоративтік процестерді автоматтандыруға арналған ЖИ-агенттерді әзірлеу, киберқауіпсіздік шешімдерін жетілдіру және мемлекеттік секторды цифрландыру бағытында бірқатар жоба қолға алынған.

Президент шағын қалалар мен ауылдарды сапалы байланыспен және интернетпен қамтудың маңызын атап өтіп, цифрландыру мен жасанды интеллект салаларындағы инвестициялық жобаларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруды тапсырды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар