Жаңалықтар
Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілді
- author AR-AY
- 3 наурыз, 2026
- 111
Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлықтан тәркіленген қаражат есебінен қаржыландырылып келеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Осы қаражатқа жаңа мектептер салу, ескілерін жаңғырту және мектептерге жапсарлас құрылыс жүргізу жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда Қор қаражаты есебінен 89 мың оқушы орнына арналған 81 мектеп пайдалануға берілді. Нысандардың көпшілігі Алматы облысы, Түркістан облысы, Қызылорда облысы, Жамбыл облысы және Астана қаласында орналасқан. Барлық мектептер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Қор қаражаты арқылы жалпы 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 білім беру ұйымының құрылысы қаржыландырылған. Бұл шаралар еліміздің білім беру жүйесін ұзақ мерзімді дамыту және жаңғыртуға бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




