Жаңалықтар
Қызыл Ай: Бүгін қазақстандықтар ерекше құбылысқа куә болады
- author AR-AY
- 3 наурыз, 2026
- 117
Бүгін әлемнің бірқатар өңірінде толық Ай тұтылуы байқалады, деп хабарлайды arainfo.kz
Сирек кездесетін астрономиялық құбылысты Солтүстік және Орталық Америка тұрғындары таңғы уақытта тамашалай алады. Сондай-ақ Оңтүстік Американың батыс бөлігінде де тұтылу көрінеді.
Ал Аустралия мен Шығыс Азия елдерінде Ай тұтылуы кешкі мезгілде байқалады. Орталық Азияда тұтылудың тек жартылай кезеңі ғана көрінсе, Еуропа мен Африка аумағында бұл жолғы құбылыс мүлде байқалмайды.
Астрономдардың түсіндіруінше, толық Ай тұтылуы Жер Күн мен Айдың арасына орналасқанда пайда болады. Осы кезде Жердің көлеңкесі Ай бетіне түсіп, ол қызғылт-қызыл түске боялады. Бұл құбылыс Жер атмосферасында Күн сәулелерінің сынуы мен шашырауына байланысты туындайды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




