Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Аналарға заң көмегі көрсетілді

Аналарға заң көмегі көрсетілді
vykza.ru
«Анаға тағзым» орталығында «Отбасы құқығы және сот тәжірибесі» тақырыбында «Ашық есік» күні өтті.

Іс-шараның ашылу салтанатында орталық директоры Эльмира Мырза-Ғали мен облыстық әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмыстары және заң көмегін көрсету бойынша бас маманы Әсел Қаңтарбаева сөз сөйлеп, «Ашық есік» күнінің негізгі мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң мәселелері бойынша қолжетімді көмек көрсету екенін атап өтті.

«Ашық есік» күні аясында арнайы кеңес беру алаңдары жұмыс істеді. Қала тұрғындары мен аналар жеке сот орындаушысы Айтжан Исатаевтан, құқықтық түсіндіру жұмыстары және заң көмегін көрсету бойынша бас маманы Әсел Қаңтарбаевадан, облыстық нотариалдық палатасының атқарушы директоры Данияр Өмірбековтен, облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Қаракөз Телемисовадан, адвокат Диана Арғынбаевадан, Тараз қалалық полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы Меруерт Оразалиевадан, заңгер Дина Керімбектен құқықтық кеңес алды. Сонымен қатар мансап орталығының маманы Гульзаһирям Авутова қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндірді.

«Ашық есік» күні барысында қатысушылар неке және отбасы қатынастары, алимент өндіру, ата-ана мен бала құқықтары, мүліктік даулар, сотқа жүгіну тәртібі және сот шешімдерін орындау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат алды.

Іс-шара тұрғындар үшін пайдалы әрі мазмұнды форматта өтіп, құқықтық көмекке мұқтаж азаматтарға нақты бағыт-бағдар берді.

Құралай СӘЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар