Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
- author AR-AY
- Бүгін, 08:35
- 16
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуына байланысты қазақстандық мұсылмандарға үндеу жасады, деп хабарлайды arainfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Рамазан – жүзіндегі миллиардтаған жанды рухани тазаруға, жақынына жанашыр әрі қамқор болуға үндейтін мезгіл.
“Біз дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарымызды қастерлей отырып, Құқық пен Заң үстемдігі, Тәртіп пен Тазалық, Әділдік пен Отаншылдық сияқты мызғымас қағидаттарды терең түсінетін әрі мүлтіксіз сақтайтын ұлттың жаңа болмысын қалыптастырып жатырмыз. Мұның бәрі қасиетті Рамазан айының мәңгілік ұлағатымен толық үндеседі.
Білімге, тазалыққа және жақсылыққа бастайтын өркениетті қоғамда Рамазан айы жаңа рухани мәнге ие болып, барша жұртқа шапағатын тигізетіні сөзсіз.
Қасиетті Рамазан құтты болсын, мұсылман жамағаты!” - деді Президент.
👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


