Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Зияткерлік ойынның іріктеу кезеңі басталды

Зияткерлік ойынның іріктеу кезеңі басталды
Автор
Тараз қаласында шахматтан «Senat Open – 2026» кубогының 1/8 финалының облыстық іріктеу кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Кәрібаев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ал облыстық шахмат федерациясының төрағасы Әлібек Өтеулиев турнирдің мемлекеттік қызметкерлер арасындағы бірлікті нығайтудағы маңызын атап өтті.

– Турнирдің мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау, зияткерлік спорт түріне деген қызығушылықты арттыру және стратегиялық ойлау мәдениетін қалыптастыру. Шахмат – жай ғана ойын емес, ол терең талдауды, салқынқанды шешім қабылдауды және жоғары деңгейдегі жауапкершілікті талап ететін зияткерлік дода. Осындай жарыстар қызмет барысында да аса маңызды болып саналатын қасиеттерді – ұқыптылықты, төзімділікті, сабырлылықты және логикалық пайымдауды дамытуға ықпал етеді. Дода ақпан айының 9-15 күндері аралығында өтуде. Мұнда ойыншыға небары 10 минут уақыт берілуі жарыстың тартысын одан әрі күшейтеді. Шектеулі уақыт әр секундтың алтынға тең екенін аңғартып, жылдам әрі нақты шешім қабылдауға дағдыландырады. Уақыт тығыз кезде салмақты ойлап, қателік жібермеу – нағыз шеберліктің белгісі. Мұндай формат қатысушылардың жинақылығын арттырып, қысқа мерзім ішінде тиімді стратегия құрып, тез әрі, ұтымды шешім қабылдау қабілетін шыңдайды, – деді Әлібек Өтеулиев.

Жарыс Фиде ережесіне сай, швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Турнирдің әділдігін қадағалап отырған бас төреші қатысушылардың деңгейіне жоғары баға беруде.

Қатысушылардың айтуынша, шахмат тақтасындағы тартыс қызметтегі жауапкершілікті одан әрі арттыра түседі.

Сайыс қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 20 қызметкер іріктеліп, сәуір айында дәл осы Тараз төрінде өтетін 1/4 финалда бақ сынайтын болады.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар