Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Инвестициялық бағдарламаларға талдау жүргізілуде

Инвестициялық бағдарламаларға талдау жүргізілуде
Автор
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департамент басшысының орынбасары Мағжан Қуанышбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Спикердің айтуынша департамент жыл сайын табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметаларын мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептеріне талдау жүргізеді.

2024 жылғы департаменттің талдау қорытындысы бойынша табиғи монополиялардың 10 субъектісінде реттелетін қызметтің 16 түрі бойынша жалпы сомасы 769 миллион 593 мың 100 теңгеге тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалар шығындарының баптарын орындамағаны анықталды. Көрсетілген сомаға қолданыстағы тарифтердің төмендеуімен уақытша өтемдік тарифтер бекітілді, оның ішінде жылумен жабдықтау бойынша – 185 миллион 32 мың 820 теңгеге, сумен жабдықтау бойынша – 13 миллион 510 мың 130 теңгеге, су бұру бойынша – 164 миллион 731 мың 790 теңгеге, газ тасымалдау бойынша – 220 миллион 530 мың 840 теңгеге, кірме жолдардың қызметі бойынша 185 миллион 787 мың 520 теңгеге бекітілді. Бұдан басқа 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымы үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу қорытындысы бойынша сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, өңір тұтынушыларына 8 табиғи монополия субъектісі бойынша қосымша құн салығын есептемегенде 19 миллион 68 мың 281 теңге көлемінде қаражат қайтарылды. Сонымен қатар бақылау қызметі шеңберінде 2025 жылы 4 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде екі субъект бойынша заңнама бұзушылықтары анықталып, қалған екі субьект бойынша бұзушылықтар анықталмады  Ал әкімшілік құқықбұзушылық туралы 27 іс қозғалып, оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 34 миллион 317 мың 589 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Бүгінгі таңда бюджетке 30 миллион 49 мың 680 теңге түсті, қалған 4 миллион 267 мың 909 теңге заңда белгіленген мерзімде төленуге тиіс. Қосымша табиғи монополиялар субъектілерінің атына 3 ұйғарым енгізілді, бүгінде 2 ұйғарым толық көлемде орындалды, – деді Мағжан Батыржанұлы.

Департамент сонымен қатар мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді. 2025 жылдың 12 айында 24 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар