Қуанарлығы, бүгінгі таңда қазақстандық күштік қызметкерлер арасында да шахмат тастарын ұршықша иіретін қыз-жігіттер бар. ҚР Парламенті Сенатының шахматтан ІІІ ашық кубогы осы сөзіміздің дәлелі бола алады. Тараз қаласында ұйымдастырылған «SENAT OPEN 2026» жарысына қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп жүрген құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысуда. «Сен тұр, мен атайын» дейтін кіл мықтылар жиналған доданың ашылу салтанатында қатысушыларға ең әуелі шахмат ойының шығу тарихы, аталған ойынға қатысты қызықты деректер мен шахматтың адамның ойлау жүйесін жетілдіруге тигізетін орасан зор пайдасын туралы кеңінен мағлұмат берілді. Мұнан соң жебере тартылып, шахматшылар өзара кім мықтыны анықтауға күш салды.
Айта кетейік, дәл осы жарысқа өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де қатысуда. Нақтылай түссек, департаментке бағынысты №67 мекемесінің жедел бөлімшесі теологиялық оңалту тобының жедел уәкілі, әділет капитаны Ғалымжан Калмаханбетов пен Байзақ аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет майоры Руслан Баймухамбетов шеберліктерін сынауда. Облыстық ҚАЖ департаментінің намысын қорғаушы қос қызметкерге де сәттілік тілейміз!



