Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кішкентай датчик көпбалалы отбасыны үлкен қайғыдан қорғап қалды

Кішкентай датчик көпбалалы отбасыны үлкен қайғыдан қорғап қалды
Ашық дереккөз
СҚО-ның Есіл ауданындағы Явленка ауылында өрт хабарлағышы ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды arainfo.kz

Көпбалалы ана күндіз үйінде демалып жатқан сәтте өрт хабарлағышының өткір дыбысы естілген. Дабылға алаңдаған әйел жуынатын бөлмеге кіріп, қауіпті жағдайды байқайды.

Қысқа тұйықталу салдарынан су жылытқыштың қыздырғыш элементі балқып, бөлмені қою, ащы түтін баса бастаған. Кез келген сәтте өрт тұтанып, жалын бүкіл үйге таралуы мүмкін еді.

Өрт хабарлағышының уақытылы іске қосылуының арқасында әйел дер кезінде әрекет етіп, қауіпті жағдайдың алдын алған.

«Бұл датчикті орнатып берген құтқарушыларға алғысым шексіз. Ол біздің үйімізді, ең бастысы — балаларымды аман алып қалды», — дейді көпбалалы ана.

Мамандардың айтуынша, өрт хабарлағыштары тұрғын үйлерде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең тиімді құралдарының бірі болып қала береді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар