Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов қызметінен босатылды

Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов қызметінен босатылды
Ашық дереккөз
Бұл шешім қоғамдық талқылау, қызметтік тексеру және спорт саласындағы басқару жүйесіне жүргізілген аудит аясында қабылданған, деп хабарлайды arainfo.kz.

Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен қызметінен босатылды, деп мәлімдеді облыс әкімдігі.

Еске салсақ, Полиция департаментінің мәліметінше, Сәпиев пен Есімханов арасында келіспеушілік туындап, кейін төбелеспен аяқталған. Оқиға қоғамдық резонанс тудырып, құқық қорғау органдарының назарында болды.

Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайдың жеке немесе тұрмыстық сипатта еместігін атап өтті.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар