Мүгедектікті белгілеу онлайн форматқа көшті: 50-ден астам диагноз қамтылды
- author AR-AY
- Бүгін, 09:25
- 20
2026 жылдың басынан бері осы форматта 9,1 мың өтінім қаралды.
Ал 2025 жылы сырттай режимде 113,1 мың өтінім өңделген. Бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар азаматтардың жалпы санының 42,5 пайызын құрайды.
Қазіргі таңда сырттай проактивті куәландыру 50-ден астам нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі. Олардың қатарында онкологиялық аурулар, барлық локализациядағы туберкулез, туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық кемістіктер, психикалық аурулар, балалардағы І типті қант диабеті, мукополисахаридоз, сондай-ақ ағза трансплантациясынан кейінгі жағдайлар бар.
2025 жылы бұл тізім едәуір кеңейтіліп, оған шынайы гидроцефалия, бір немесе бірнеше аяқ-қолдың тұрақты айқын салдануы немесе терең парездері сияқты диагноздар енгізілді.
Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, қағазбастылықты азайтуды және қызмет алушылар мен қызмет көрсетушілер арасындағы тікелей байланысты жоюды тапсырған болатын.
Осы тапсырма аясында Қазақстанда МӘС-тің сырттай форматы енгізілді. Енді азаматтарға тек тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға барып, қажетті тексеруден өту жеткілікті. Құжаттарды жолдаудан бастап сараптамалық шешім қабылдауға дейінгі барлық кезеңдер азаматтың жеке қатысуынсыз, ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы жүзеге асады. №031/у нысанындағы медициналық құжаттар МӘС бөлімшелеріне электронды түрде жіберіледі.
Сырттай куәландыру жүйесі:
әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді азайтады;
сараптамалық шешімдердің ашықтығын арттырады;
мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қолдау шараларын үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы тікелей байланысты болдырмай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк Олимпиадаға арналған жаңа коллекциялық монета шығарды
- авторAR-AY
- Бүгін, 09:53



