Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Балқаш көлінде 112 келі балықты заңсыз аулаған жамбылдық ер адам ұсталды

Балқаш көлінде 112 келі балықты заңсыз аулаған жамбылдық ер адам ұсталды
Ашық дереккөз
Ол мемлекетке 576 мың теңгеден астам шығын келтірілген, деп хабарлайды arainfo.kz

Мойынқұм аудандық соты Балқаш көлінде заңсыз балық аулады деп айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот мәліметінше, 2025 жылдың қазан айында айыпталушы рұқсат құжаттарынсыз және балық шаруашылығын жүргізу шарты болмай тұра, моторлы қайық пен тыйым салынған құралдарды пайдаланып, заңсыз балық аулаған. Нәтижесінде 112 келіден астам балық ауланып, мемлекетке 576 мың теңгеден астам шығын келтірілген.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот шешімімен ол Қылмыстық кодекстің 335-бабы 3-бөлігінің 5) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге балық аулау қызметімен айналысу құқығынан айырылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар келтірілген залал өндіріліп, моторлы қайық, қозғалтқыш, торлар және заңсыз ауланған балық мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар